Әділет министрлігіне үш партиядан тіркеу туралы өтінім түскен

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Әділет министрлігінің қарауында үш саяси партияның тіркеу туралы өтінімі жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі таңда әділет министрлігі үш партиядан өтінім қабылдады. Үш партия ұйымдастырушылық, съезд шақыру кезеңінде. Дұрысы, бір партия съезін өткізіп қойды. Қазір партия мүшелерінің тізімі тексеріліп жатыр. Екі партия съезд шақыру сатысында", - деді Мусин мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айтуынша, жалпы сегіз партия әділет министрлігіне өтінім берген, бірақ әзірге олар бірінші кезеңнен өткен жоқ.
Айта кетері, бүгін мәжіліс саяси партияларды тіркеу тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасына сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың өңірлердегі өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады.
Саясат
Қошанов 7 жылдық мерзім жайлы: биылғы сайлаудан басталуы керек деп ойлаймын