Тоқаев Қостанай облысына барды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Мемлекет басшысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өртті жою жұмысының барысын бағалайды.
Өңірге жеткен соң президент өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты.
Айта кетері, өңірде орман өрті салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Әкімдік жанынан ақпарат штабы құрылды. Оны облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов басқарады.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Қостанай облысы бойынша төтенше жағдай толық тұрақталғанға дейін әрекет ететін ақпараттық штабқа толықтай қолдау көрсетеді.
Қостанай облысындағы өрт: соңғы мәліметтер жарияланды