Қостанай облысындағы өрт: соңғы мәліметтер жарияланды

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКЛесные пожары
Лесные пожары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысы әкімдігі жанынан ақпараттық штаб өңірдегі қазіргі жағдай туралы мәлімет таратты.
Ондағы ақпаратқа сәйкес, қазір Әулиекөл ауданындағы бес ауыл аумағында өрт сөндіріліп жатыр.
"5 қыркүйек таңғы сағат 09:00-дегі ақпарат бойынша орман аумағындағы 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары. Өрт шарпыған жердің жалпы көлемі 5 шақырым", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" мәліметі бойынша бүгін Әулиекөл ауданының аумағында 31°C шамасында жоғары температура сақталады. Желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.
Новонежин ауылында зардап шеккендерді қабылдайтын шатырлар тігілген.
Өртті сөндіруге 224 техника мен 7 тікұшақ жұмылдырылған. Сондай-ақ, жеке құрамның 1893 өрт сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0