Табиғаттың тосын мінезі: ауа райының экстримі – фото

Дала өрттері, жойқын шаңды дауылдар, су тасқыны және құрғақшылық туралы хабарлар дүниежүзіндегі жаңалықтардан жиі естіле бастады
Sputnik
Ауа райы болжауға келмейтін тосын мінез көрсетіп жатыр және түрлі мемлекетте табиғат апатына қатысты көрсеткіштерде рекорд жаңартылғаны туралы айтылып жатыр. Аптап ыстық Еуропадағы өзендерді құрғатса, Азиядағы күтпеген жойқын муссон жаңбырлары бүтіндей бір аудандарды шайып кетті.
Ауа райының адам тойтарыс бере алмайтын әлемдегі тосын құбылысы туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 10

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралындағы арнасынан асқан Майтай өзенінің суы жүздеген үй мен көлікті шайып кетті

2 / 10

Гвадиана өзенінің бір бөлігі тартылып, Испанияның орталық-батысындағы Эстремадура аймағындағы Вильярта-де-лос-Монтес қаласындағы ортағасырлық Пуэнте-де-ла-Места көпірінің түбін жалаңаштады

3 / 10

Муссон жаңбырынан кейін Ганг пен Ямуна өзендерінің суы көтерілген кезде ер бала Аллахабадтағы Ганг өзенінің жағасындағы көше сатушының заттарын құрғақ жерге көшіріп жатыр

4 / 10

Францияның оңтүстігіндегі Монто ауылындағы найзағай,мұнда өртке байланысты қызғылт сары дабыл деңгейі жарияланған болатын

5 / 10

Шаңды дауыл кезіндегі Ирак астанасы Бағдадтағы Тигр өзенінің үстіндегі көпір

6 / 10

Бинген қаласының маңындағы немістердің Рейн өзенінің таяздануы туристерге құрлық арқылы белгілі Тышқан мұнарасына (Maeuseturm) жолды кесіп баруға мүмкіндік берді

7 / 10

Мьянманың ең үлкен қаласы Янгонды (бұрынғы Бирма) муссон жаңбырының суы басқаннан кейін жас әйел баласын көтеріп, су кешіп тұр

8 / 10

Жаппай орман өрттеріне қоса Францияда дауыл мен найзағай тіркелді. Суретте: Монто қаласының маңында соққан найзағай

9 / 10

Пәкістандағы Пешавар көшелері ағынды өзендерге айналғандай. Сондықтан көлік жүргізушілері шұғыл түрде теңізшілер ретінде әрекет етуге мәжбүр болды

10 / 10

Бұл көне көпір әдетте су астында жасырынып жататын. Бірақ биыл құрғақшылық ағылшындардың Йоркшир тұрғындарына Бейтингс су қоймасының ежелгі құпияларының бетін ашты. Бұл нысан өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған