Табиғаттың тосын мінезі: ауа райының экстримі – фото
Табиғаттың тосын мінезі: ауа райының экстримі – фото
Sputnik Қазақстан
Дала өрттері, жойқын шаңды дауылдар, су тасқыны және құрғақшылық туралы хабарлар дүниежүзіндегі жаңалықтардан жиі естіле бастады 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
Ауа райы болжауға келмейтін тосын мінез көрсетіп жатыр және түрлі мемлекетте табиғат апатына қатысты көрсеткіштерде рекорд жаңартылғаны туралы айтылып жатыр. Аптап ыстық Еуропадағы өзендерді құрғатса, Азиядағы күтпеген жойқын муссон жаңбырлары бүтіндей бір аудандарды шайып кетті. Ауа райының адам тойтарыс бере алмайтын әлемдегі тосын құбылысы туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер.
Дала өрттері, жойқын шаңды дауылдар, су тасқыны және құрғақшылық туралы хабарлар дүниежүзіндегі жаңалықтардан жиі естіле бастады
Ауа райы болжауға келмейтін тосын мінез көрсетіп жатыр және түрлі мемлекетте табиғат апатына қатысты көрсеткіштерде рекорд жаңартылғаны туралы айтылып жатыр. Аптап ыстық Еуропадағы өзендерді құрғатса, Азиядағы күтпеген жойқын муссон жаңбырлары бүтіндей бір аудандарды шайып кетті.
Ауа райының адам тойтарыс бере алмайтын әлемдегі тосын құбылысы туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер.
Гвадиана өзенінің бір бөлігі тартылып, Испанияның орталық-батысындағы Эстремадура аймағындағы Вильярта-де-лос-Монтес қаласындағы ортағасырлық Пуэнте-де-ла-Места көпірінің түбін жалаңаштады
Муссон жаңбырынан кейін Ганг пен Ямуна өзендерінің суы көтерілген кезде ер бала Аллахабадтағы Ганг өзенінің жағасындағы көше сатушының заттарын құрғақ жерге көшіріп жатыр
Бинген қаласының маңындағы немістердің Рейн өзенінің таяздануы туристерге құрлық арқылы белгілі Тышқан мұнарасына (Maeuseturm) жолды кесіп баруға мүмкіндік берді
Бұл көне көпір әдетте су астында жасырынып жататын. Бірақ биыл құрғақшылық ағылшындардың Йоркшир тұрғындарына Бейтингс су қоймасының ежелгі құпияларының бетін ашты. Бұл нысан өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған