ПАВЛОДАР, 5 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда құтқарушылар Ертісте қайық қағып кеткен әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Судағы трагедия өткен сенбіде "Ямайка" жеке жағажайында болды. Куәгерлердің айтуынша, катер 40 жастағы әйелді қағып өткен, ол қатты соққыдан кейін су астына кеткен.
Іздеу жұмыстарына бес құтқарушы жұмылдырылды.
Сондай-ақ бүгін Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылында суға батып кеткен 27 жастағы балықшының мәйіті іздестіріліп жатыр, дейді куәгерлер.