Ертісте катер әйелді қағып кетті: мәйіт екі күннен бері табылмай жатыр

© Photo : ДЧС Павлодарской областиЕртістегі құтқарушылар
Ертістегі құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 5 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда құтқарушылар Ертісте қайық қағып кеткен әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Судағы трагедия өткен сенбіде "Ямайка" жеке жағажайында болды. Куәгерлердің айтуынша, катер 40 жастағы әйелді қағып өткен, ол қатты соққыдан кейін су астына кеткен.
Іздеу жұмыстарына бес құтқарушы жұмылдырылды.
Сондай-ақ бүгін Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылында суға батып кеткен 27 жастағы балықшының мәйіті іздестіріліп жатыр, дейді куәгерлер.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2022
Өңірлер
Павлодарда ер адам жоғалды – достары оның суға батып кеткенін жасырып қалған
Жаңалықтар
0