НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.
Әскерге шақыру SMS-хабарлама жолдау немесе үйіне және жұмыс орындарына жеке шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылып жатыр
© Photo
Төрт ай ішінде қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралым қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жас сарбазбен толығады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 8 мыңға жуық жас сарбаз қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам азамат Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, 300-ге жуық бозбала төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.
Әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды
© Photo
Әскерге шақыру SMS-хабарлама жолдау немесе үйіне және жұмыс орындарына жеке шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жас сарбаздар шоғырлану орындарынан әскери бөлімдерге жіберіледі.
Әскерге шақырудың күзгі науқаны
© Photo