https://sputnik.kz/20220905/asker-qataryna-shaqyru-kuz-27307136.html
Әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды
Әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T16:41+0500
2022-09-05T16:41+0500
2022-09-05T16:41+0500
әскерилер
күз
қоғам
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Төрт ай ішінде қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралым қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жас сарбазбен толығады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде 8 мыңға жуық жас сарбаз қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам азамат Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, 300-ге жуық бозбала төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады. Әскерге шақыру SMS-хабарлама жолдау немесе үйіне және жұмыс орындарына жеке шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді. Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жас сарбаздар шоғырлану орындарынан әскери бөлімдерге жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер, күз
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.
Төрт ай ішінде қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралым қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жас сарбазбен толығады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 8 мыңға жуық жас сарбаз қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам азамат Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, 300-ге жуық бозбала төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.
Әскерге шақыру SMS-хабарлама жолдау немесе үйіне және жұмыс орындарына жеке шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жас сарбаздар шоғырлану орындарынан әскери бөлімдерге жіберіледі.