ПАВЛОДАР, 2 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда кәсіпорындардың бірінде сілті төгіліп, жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
31 тамызда павлодарлық кәсіпорындардың бірінің гидрометаллургия цехында 30 жастағы жұмысшы өндірістік желіні жуу кезінде сілті ерітіндісіне күйіп қалған. Салдарынан күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Облыстың еңбек басқармасы Sputnik Қазақстанға оқыс оқиға "Павлодар алюминий зауытында" болғанын хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша құбырдан сілті төгілген.