Павлодарда жанар-жағармай материалдары өртеніп, жұмысшы зардап шекті

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
Денесінің жартысынан астамын қатты күйік шалған 51 жастағы ер адам Павлодар ауруханасына жатқызылды
ПАВЛОДАР, 1 тамыз – Sputnik. Павлодарда цистернаны дәнекерлеу кезінде жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өткен сенбі күні сағат 13.45-те жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында цистернаны дәнекерлеу жұмыстары кезінде жанар-жағармай материалдарының қалдығы тұтанған.
Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген 1971 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның денесінің 57% күйік шалған. Зардап шегушінің жағдайы тұрақты ауыр.
Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өскеменде жанар-жағар май құю бекетінде бөшке жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Өңірлер
Өскеменде жанармай құю бекетінде бөшке жарылды - бір адам қайтыс болды
Жаңалықтар
0