НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында мектептерге жауапты тұлғаларға 232 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Otyrar.kz.
2021-2022 оқу жылында 702 мектепке тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 232 миллион теңгеге 614 айыппұл салынды, ұйғарымдар берілді. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілді, қалған объектілер бойынша шешімдер жақын арада қабылданады.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, балалар санының тығыздығын болдырмау үшін өңірде үш ауысымда оқытатын 11 мектептің бірі екі ауысымға ауыстырылды.
Айта кетері, облыстағы 16 мектепте дәретхана сыртта орналасқан. Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл проблеманы жауапты мекемелер алдында көтеріп жүр.