Түркістан облысында мектептерге 232 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп, архивтегі фото
Мектеп, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында мектептерге жауапты тұлғаларға 232 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Otyrar.kz.
2021-2022 оқу жылында 702 мектепке тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 232 миллион теңгеге 614 айыппұл салынды, ұйғарымдар берілді. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілді, қалған объектілер бойынша шешімдер жақын арада қабылданады.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, балалар санының тығыздығын болдырмау үшін өңірде үш ауысымда оқытатын 11 мектептің бірі екі ауысымға ауыстырылды.
Айта кетері, облыстағы 16 мектепте дәретхана сыртта орналасқан. Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл проблеманы жауапты мекемелер алдында көтеріп жүр.
Мектеп асханасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Білім
Мектеп асханасы мен дәретханасын тексеру акциясы: бір аптада 400 хабарлама түскен
Жаңалықтар
0