Күздің алғашқы күндері жаздағыдай ыстық болады

Күздің бұлай басталуына Жерорта теңізі мен Иран аумағынан жылы ауа массасының шығуы себеп болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде күздің алғашқы айы жаз мезгіліндей ыстық және құрғақ ауа райымен басталады.
Тек еліміздің солтүстік-батысында ғана өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жекелеген аудандарда екпінді жел тұрады.
Республиканың оңтүстік жартысында күндізгі уақытта термометр бағаны +35+40°С қөрсетеді, солтүстік жартысында +28 +35°С жетеді.
Бірақ бірінші онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан суық антициклонның енуіне және биіктік жыраның орын ауыстыруына байланысты алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал онкүндіктің соңында елдің шығысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылады деп болжанып отыр: жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жауажы, желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді.
Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қыркүйектің бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында ауа температурасы төмендейді: түнде +10+17°С дейін, күндіз +23+28°С дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан +1+6°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды, кей күндері түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2°С-қа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Оңтүстік өңірлерде температура айдың екінші жартысында түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, таулы аудандарда 1°С дейін, күндіз +28+33°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді.