https://sputnik.kz/20220901/kuzdin-algashqy-kunderi-zhazdagyday-ystyq-bolady-27197914.html
Күздің алғашқы күндері жаздағыдай ыстық болады
Күздің алғашқы күндері жаздағыдай ыстық болады
Sputnik Қазақстан
Күздің бұлай басталуына Жерорта теңізі мен Иран аумағынан жылы ауа массасының шығуы себеп болады 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T15:43+0500
2022-09-01T15:43+0500
2022-09-01T15:43+0500
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18358903_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_e3b7cf78254e950751682fbfc587d94e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде күздің алғашқы айы жаз мезгіліндей ыстық және құрғақ ауа райымен басталады.Тек еліміздің солтүстік-батысында ғана өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жекелеген аудандарда екпінді жел тұрады.Республиканың оңтүстік жартысында күндізгі уақытта термометр бағаны +35+40°С қөрсетеді, солтүстік жартысында +28 +35°С жетеді.Бірақ бірінші онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан суық антициклонның енуіне және биіктік жыраның орын ауыстыруына байланысты алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал онкүндіктің соңында елдің шығысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылады деп болжанып отыр: жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жауажы, желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді.Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қыркүйектің бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында ауа температурасы төмендейді: түнде +10+17°С дейін, күндіз +23+28°С дейін.Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан +1+6°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды, кей күндері түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2°С-қа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.Оңтүстік өңірлерде температура айдың екінші жартысында түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, таулы аудандарда 1°С дейін, күндіз +28+33°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18358903_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_764831d771a59f77e15c6fc002aa546d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
Күздің алғашқы күндері жаздағыдай ыстық болады
Күздің бұлай басталуына Жерорта теңізі мен Иран аумағынан жылы ауа массасының шығуы себеп болады
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде күздің алғашқы айы жаз мезгіліндей ыстық және құрғақ ауа райымен басталады.
Тек еліміздің солтүстік-батысында ғана өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жекелеген аудандарда екпінді жел тұрады.
Республиканың оңтүстік жартысында күндізгі уақытта термометр бағаны +35+40°С қөрсетеді, солтүстік жартысында +28 +35°С жетеді.
Бірақ бірінші онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан суық антициклонның енуіне және биіктік жыраның орын ауыстыруына байланысты алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал онкүндіктің соңында елдің шығысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылады деп болжанып отыр: жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жауажы, желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді.
Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қыркүйектің бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында ауа температурасы төмендейді: түнде +10+17°С дейін, күндіз +23+28°С дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан +1+6°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды, кей күндері түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2°С-қа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Оңтүстік өңірлерде температура айдың екінші жартысында түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, таулы аудандарда 1°С дейін, күндіз +28+33°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді.