Чехияның ірі көлік-логистикалық компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің қолдауымен "TRANSCO" чех компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. +
Нұр-Сұлтан қаласында олар "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшылығымен және Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовпен кездесті.
Сапар барысында Қазақстанда TRANSCO компанияның өкілдігін ашу туралы шешім қабылданды. TRANSCO компаниясы қазақстандық өнімді ЕО елдеріне және көршілес елдерге екі жақты жерүсті тасымалдауды іске қосу, сондай-ақ автокөліктердің кузов құрастыруын одан әрі оқшаулауды жоспарлап отыр.
Компанияның негізгі акционері және басқарушы директоры Кристиан Бухлер өз сөзінде Ресейдегі өкілдік жабылғаннан кейін, компания үшін маңызды аймақтағы қатысуын сақтау – маңызды мақсат екенін айтты. Осыған байланысты, сапарды ұйымдастырып, қолдау көрсеткен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-на алғысын білдірді.
Анықтама үшін:
Transco Süd Internationale Transporte – бас кеңсесі Германияда орналасқан жылдық айналымы 150 миллион еуродан асатын компания. Өкілдіктер Еуропаның 10 елінің 31 қаласында ашылған. Компания Шығыс және Орталық Еуропадағы көлік-логистикалық секторда жерүсті көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі.