https://sputnik.kz/20220831/chekhiya-ikolik-logistikalyq-kompaniya-27166598.html
Чехияның ірі көлік-логистикалық компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашады
Чехияның ірі көлік-логистикалық компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің қолдауымен "TRANSCO" чех компаниясының өкілдері... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T17:54+0500
2022-08-31T17:54+0500
2022-08-31T17:54+0500
чехия
көлік
https://sputnik.kz/img/old/640/76/6407622_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_01239a80606aecc966514ca065c2342a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің қолдауымен "TRANSCO" чех компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. +Нұр-Сұлтан қаласында олар "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшылығымен және Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовпен кездесті.Сапар барысында Қазақстанда TRANSCO компанияның өкілдігін ашу туралы шешім қабылданды. TRANSCO компаниясы қазақстандық өнімді ЕО елдеріне және көршілес елдерге екі жақты жерүсті тасымалдауды іске қосу, сондай-ақ автокөліктердің кузов құрастыруын одан әрі оқшаулауды жоспарлап отыр.Компанияның негізгі акционері және басқарушы директоры Кристиан Бухлер өз сөзінде Ресейдегі өкілдік жабылғаннан кейін, компания үшін маңызды аймақтағы қатысуын сақтау – маңызды мақсат екенін айтты. Осыған байланысты, сапарды ұйымдастырып, қолдау көрсеткен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-на алғысын білдірді.Анықтама үшін:Transco Süd Internationale Transporte – бас кеңсесі Германияда орналасқан жылдық айналымы 150 миллион еуродан асатын компания. Өкілдіктер Еуропаның 10 елінің 31 қаласында ашылған. Компания Шығыс және Орталық Еуропадағы көлік-логистикалық секторда жерүсті көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі.
чехия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/640/76/6407622_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_da14d66b03654bb4ca3a1bee2cc402dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
чехия, көлік
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің қолдауымен "TRANSCO" чех компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. +
Нұр-Сұлтан қаласында олар "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшылығымен және Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовпен кездесті.
Сапар барысында Қазақстанда TRANSCO компанияның өкілдігін ашу туралы шешім қабылданды. TRANSCO компаниясы қазақстандық өнімді ЕО елдеріне және көршілес елдерге екі жақты жерүсті тасымалдауды іске қосу, сондай-ақ автокөліктердің кузов құрастыруын одан әрі оқшаулауды жоспарлап отыр.
Компанияның негізгі акционері және басқарушы директоры Кристиан Бухлер өз сөзінде Ресейдегі өкілдік жабылғаннан кейін, компания үшін маңызды аймақтағы қатысуын сақтау – маңызды мақсат екенін айтты. Осыған байланысты, сапарды ұйымдастырып, қолдау көрсеткен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-на алғысын білдірді.
Transco Süd Internationale Transporte – бас кеңсесі Германияда орналасқан жылдық айналымы 150 миллион еуродан асатын компания. Өкілдіктер Еуропаның 10 елінің 31 қаласында ашылған. Компания Шығыс және Орталық Еуропадағы көлік-логистикалық секторда жерүсті көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі.