Өңірлер

"Атырау-Астрахань" тасжолын кешенді тексеру жүргізіледі

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолына кешенді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Atpress.kz порталы.
Айта кетері, бұған дейін облыстық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Атырау облысындағы жолдардың сапасына мониторинг жүргізіле бастаған болатын.
Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсіметовтің айтуынша, құқықбұзушылық жылдан жылға қайталанып, қабылданған шаралар жеткіліксіз болып тұр. Сондай-ақ, Атырау облысы Индер ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде ауданның автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту саласындағы түйткілді мәселелер талқыланғанын айтты.
"Индер ауданының белсенді азаматтары, мәслихат депутаттары жүк тасымалдаушылардың шамадан тыс жүктемесінен жол сапасының нашарлауына наразылық білдірді. Осы жерде 5-6 адамның қалтасы маңызды ма, әлде халық мүддесі маңызды ма деген сұрақ туындайды. Мұнда 30 мыңнан астам тұрғын бар. Әрине, тасымалдаушыға жүкті заңда белгіленген талаптар шегінде тасымалдау тиімсіз", - деді Арман Әбсіметов.
Мысал ретінде сарапшы Атырау қаласынан 10 шақырым жердегі "Атырау-Индер" тасжолын қайта жөндеуден өткізу туралы айтты. Мемлекет 4,9 миллиард теңге, яғни бір шақырымына 487 миллион теңге жұмсайды.
Видео
Аш аюлар тасжолда көлік жүргізушілеріне "тап берді" – видео