https://sputnik.kz/20220830/atyrau-astrakhan-tas-zholy-antikor-27135482.html
"Атырау-Астрахань" тасжолын кешенді тексеру жүргізіледі
"Атырау-Астрахань" тасжолын кешенді тексеру жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның... 30.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-30T14:38+0500
2022-08-30T14:38+0500
2022-08-30T14:41+0500
өңірлер
атырау
тас жол
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15206718_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_c577bda0c27e9e0591e911c47b03cee5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолына кешенді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Atpress.kz порталы.Айта кетері, бұған дейін облыстық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Атырау облысындағы жолдардың сапасына мониторинг жүргізіле бастаған болатын.Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсіметовтің айтуынша, құқықбұзушылық жылдан жылға қайталанып, қабылданған шаралар жеткіліксіз болып тұр. Сондай-ақ, Атырау облысы Индер ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде ауданның автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту саласындағы түйткілді мәселелер талқыланғанын айтты."Индер ауданының белсенді азаматтары, мәслихат депутаттары жүк тасымалдаушылардың шамадан тыс жүктемесінен жол сапасының нашарлауына наразылық білдірді. Осы жерде 5-6 адамның қалтасы маңызды ма, әлде халық мүддесі маңызды ма деген сұрақ туындайды. Мұнда 30 мыңнан астам тұрғын бар. Әрине, тасымалдаушыға жүкті заңда белгіленген талаптар шегінде тасымалдау тиімсіз", - деді Арман Әбсіметов.Мысал ретінде сарапшы Атырау қаласынан 10 шақырым жердегі "Атырау-Индер" тасжолын қайта жөндеуден өткізу туралы айтты. Мемлекет 4,9 миллиард теңге, яғни бір шақырымына 487 миллион теңге жұмсайды.
https://sputnik.kz/20220512/ayular-taszhol-kolik-video-24768574.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15206718_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_d82eecd6c8a8639c2f85c778efa36fca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, тас жол
"Атырау-Астрахань" тасжолын кешенді тексеру жүргізіледі
14:38 30.08.2022 (жаңартылды: 14:41 30.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолына кешенді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Atpress.kz порталы.
Айта кетері, бұған дейін облыстық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Атырау облысындағы жолдардың сапасына мониторинг жүргізіле бастаған болатын.
Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсіметовтің айтуынша, құқықбұзушылық жылдан жылға қайталанып, қабылданған шаралар жеткіліксіз болып тұр. Сондай-ақ, Атырау облысы Индер ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде ауданның автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту саласындағы түйткілді мәселелер талқыланғанын айтты.
"Индер ауданының белсенді азаматтары, мәслихат депутаттары жүк тасымалдаушылардың шамадан тыс жүктемесінен жол сапасының нашарлауына наразылық білдірді. Осы жерде 5-6 адамның қалтасы маңызды ма, әлде халық мүддесі маңызды ма деген сұрақ туындайды. Мұнда 30 мыңнан астам тұрғын бар. Әрине, тасымалдаушыға жүкті заңда белгіленген талаптар шегінде тасымалдау тиімсіз", - деді Арман Әбсіметов.
Мысал ретінде сарапшы Атырау қаласынан 10 шақырым жердегі "Атырау-Индер" тасжолын қайта жөндеуден өткізу туралы айтты. Мемлекет 4,9 миллиард теңге, яғни бір шақырымына 487 миллион теңге жұмсайды.