Индустрия министрлігі жылыту маусымына дайындық және көмір қоры туралы айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Осы жылдың жеті айында Қазақстанда азаматтар мен бюджеттік ұйымдардың қажеттілігі үшін 4,5 миллион тонна көмір жөнелтілді. Жоспар бойынша жылыту маусымына барлығы 9,6 миллион тонна көмір қажет. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
"7 айда халық пен бюджеттік ұйымдар үшін 4,5 миллион тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ке жоғары. Министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда 2022-2023 жылдарға арналған көмір сұранысының жоспарын құрды. Жоспар бойынша тұтыну көлемі шамамен 9,6 миллион тоннаны құрайды, оның 2,6 миллион тоннасы бюджеттік секторға және 7 миллион ​​тоннасы халыққа арналған", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа арналған көмірдің негізгі өндірушілері "Шұбаркөл көмір" (Қарағанды ​​облысы), "Қаражыра" (Абай облысы) және "Майкөбен-ВВест" (Павлодар облысы) болып саналады.
Экономика
Қазақстанда көмір бір жылда 10%-ке қымбаттады