https://sputnik.kz/20220225/qazaqstan-komir-qymbattady-23079182.html
Қазақстанда көмір бір жылда 10%-ке қымбаттады
Қазақстанда көмір бір жылда 10%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Өндіру көлемі бойынша Павлодар облысы алда тұр 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T09:13+0500
2022-02-25T09:13+0500
2022-02-25T09:13+0500
экономика
қазақстан
көмір
https://sputnik.kz/img/442/79/4427946_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_8a62a0d9538703b05df24cbb9b208771.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айының қорытындысы бойынша бір тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін қымтаттады. Өсім бр жылда - 9,8%, деп хабарлады EnergyProm Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.Бағаның ең жоғары жылдық өсімі (Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда) Шығыс Қазақстан (жылына 22,2%-ке), Жамбыл (14,9%-ке) және Ақмола облыстарында (14,5%-ке). Ал өзгелермен салыстырғанда баға ең аз өскен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылуда, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзан саналады.Былтыр көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын."Биыл қаңтарда Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 10,1 миллион тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Өндіру көлемі бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алда тұр: 6,3 миллион тонна, жылына минус 3%. Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 миллион тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (854,2 мың тонна)", - делінген ақпаратта.Өндірістің басым бөлігі, яғни барлық көлемнің 89,8%-і тас көмірге тиесілі. Биыл қаңтарда 9,1 миллион тонна өндірілді. Қазақстан көмірге деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Экспортқа да айтарлықтай көлем кетеді. Былтыр Қазақстаннан экспортқа 500,1 миллион доллар сомасына 29,2 миллион тонна көмір жөнелтілген.Қазақстандық көмір ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие. Мәселен, өткен жылы 392,6 миллион долларға 23,2 милион тонна көмір жөнелтілді. Экспорттың жалпы көлемінің 65,1%-і Ресейге жіберілді. Одан кейін тізімде Беларусь және Қырғызстан. ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 107,5 миллион АҚШ долларына алты миллион тонна көмір экспорттады. Бұл тізімде Швейцария көш бастап тұр: 4,8 миллион тонна.
https://sputnik.kz/20180201/4455532.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/442/79/4427946_113:0:2844:2048_1920x0_80_0_0_7ba7430ebfca5846d152bc64ebca5585.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан көмір казахстан уголь баға цена
қазақстан көмір казахстан уголь баға цена
Қазақстанда көмір бір жылда 10%-ке қымбаттады
Өндіру көлемі бойынша Павлодар облысы алда тұр
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айының қорытындысы бойынша бір тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін қымтаттады. Өсім бр жылда - 9,8%, деп хабарлады EnergyProm Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бағаның ең жоғары жылдық өсімі (Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда) Шығыс Қазақстан (жылына 22,2%-ке), Жамбыл (14,9%-ке) және Ақмола облыстарында (14,5%-ке). Ал өзгелермен салыстырғанда баға ең аз өскен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылуда, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзан саналады.
Былтыр көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын.
"Биыл қаңтарда Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 10,1 миллион тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Өндіру көлемі бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алда тұр: 6,3 миллион тонна, жылына минус 3%. Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 миллион тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (854,2 мың тонна)", - делінген ақпаратта.
Өндірістің басым бөлігі, яғни барлық көлемнің 89,8%-і тас көмірге тиесілі. Биыл қаңтарда 9,1 миллион тонна өндірілді.
Қазақстан көмірге деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Экспортқа да айтарлықтай көлем кетеді. Былтыр Қазақстаннан экспортқа 500,1 миллион доллар сомасына 29,2 миллион тонна көмір жөнелтілген.
Қазақстандық көмір ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие. Мәселен, өткен жылы 392,6 миллион долларға 23,2 милион тонна көмір жөнелтілді. Экспорттың жалпы көлемінің 65,1%-і Ресейге жіберілді. Одан кейін тізімде Беларусь және Қырғызстан.
ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 107,5 миллион АҚШ долларына алты миллион тонна көмір экспорттады. Бұл тізімде Швейцария көш бастап тұр: 4,8 миллион тонна.