НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайловтың қатысумен өткен кездесуде кәсіпкерлер дизель отынын транзиттік көліктерге сатуға басымдық беретін жанар-жағар май станцияларының барын айтты.
"DALA-FRUIT.KZ" ЖШС құрылтайшысы Болатбек Нәжметдинұлы тағы бір проблемалық мәселені көтерді. Оның айтуынша, өңірлерде жергілікті жанар-жағармай құю бекеттері дизель отынын транзиттік көліктерге құюды жөн көреді, ал төмендетілген бағамен алатын отандық машиналар отынсыз қалуда.
"Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіден бастап енгізілді. "Талапқа бағынбаған" жанармай құю бекеттерінің лицензиясын қайтарып алуға дейін жазалаймыз. Сондықтан бұл мәселе жақын арада реттеледі", — деді премьер-министр.
Естеріңізге сала кетейік, 22 тамызда энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді.
Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 – 89 теңге, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи- 92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңге, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 тг., дизель отынының бағасы литріне 450 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады.