Қазақстанда жанар-жағар майдың сараланған бағасы белгіленді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПродажа дизельного топлива, архивное фото
Продажа дизельного топлива, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. 22 тамызда энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 – 89 теңге, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи- 92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңге, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 тг., дизель отынының бағасы литріне 450 теңгені құрайды.

"Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады", - делінген хабарламада.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылатын болады.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтауда.
Жаңалықтар
0