НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Алматы облысында велосипед мінген қарияны қағып кеткен жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұған дейін полиция ZAZ Chance маркалы көліктің 61 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған болатын. Оған қатысты үш хаттама рәсімделді. Сол кезде жүргізушінің мас болғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
"Сараптама нәтижесінен кейін іс қайта сараланып, Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді полицейлер.
Бұл бап бойынша 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiн айыппұл салу, не түзеу жұмыстары, я болмаса, 400 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетері, оқиға 21 тамызда Таран ауылына кіреберісте болған. Қарасай ауданының тұрғыны көлігімен 81 жастағы зейнеткерді қағып кетті. Оны Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізді.