https://sputnik.kz/20220822/zeynetkerdi-qagyp-ketken-zhurgizushige-qatysty-birneshe-is-qozgaldy-26921458.html
Зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіге қатысты бірнеше іс қозғалды
Зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіге қатысты бірнеше іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы облысының полиция департаменті зейнеткерді қағып кеткен жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. 22.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-22T14:43+0500
2022-08-22T14:43+0500
2022-08-22T18:20+0500
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы облысының полиция департаменті зейнеткерді қағып кеткен жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.Ресми мәліметке сәйкес, 21 тамызда кешкі сағат 19:36 шамасында Таран ауылына кіреберісте белгісіз көліктің велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама түсті. 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданы ауруханасына жеткізілді.Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ЗАЗ Chance автокөлігін басқарған Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы бойынша хаттама рәсімделді. Олар:Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды. Ал көлік айып тұрағына қойылды. Оның қаншалықты мас болғанын анықтау үшін химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде түпкілікті шешім қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнеткер
Зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіге қатысты бірнеше іс қозғалды
14:43 22.08.2022 (жаңартылды: 18:20 22.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы облысының полиция департаменті зейнеткерді қағып кеткен жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 тамызда кешкі сағат 19:36 шамасында Таран ауылына кіреберісте белгісіз көліктің велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама түсті. 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданы ауруханасына жеткізілді.
Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ЗАЗ Chance автокөлігін басқарған Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы бойынша хаттама рәсімделді. Олар:
610-бабының 2-бөлігі (Жеңіл дене жарақатына әкеп соқтырған жол апаты);
611-бабының 2-бөлігі (Жол апаты болған жерден кетіп қалу);
608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру).
Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды. Ал көлік айып тұрағына қойылды. Оның қаншалықты мас болғанын анықтау үшін химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде түпкілікті шешім қабылданады.