600-ден астам емхана салу қажет – денсаулық сақтау министрлігі

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінде ауыл мен қаланың денсаулық сақтау саласындағы алшақтықты қысқартуды көздейтін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасы талқыланды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жоба аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жетіспейтін жерлерде медпункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылды елді мекендер медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Бұған қоса инсульт орталығы, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдері бар және заманауи медициналық құралдармен (КТ, МРТ, УЗИ, ӨЖЖ аппараты т.б.) жабдықталған заманауи көбейінді ауданаралық ауруханалар ұйымдастырылады.
Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) нысандарының құрылысына қажеттілікті анықтады. Қазіргі таңда ел көлемінде 655 МСАК объектісіне зәрулік бар, оның 228-і жаңадан салынады, 427-сі қазіргі объектілердің орнына салынады.
Сондай-ақ 20-сын жаңадан пайдалануға беру және бұрыннан бар 12-сін жаңғырту арқылы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана ұйымдастырылады.
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда емхана мен оңалту орталығы салынады