https://sputnik.kz/20220213/nur-sultan-emkhana-onaltu-ortalygy-22752969.html
Нұр-Сұлтанда емхана мен оңалту орталығы салынады
Нұр-Сұлтанда емхана мен оңалту орталығы салынады
Sputnik Қазақстан
Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері көрсетіледі 13.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-13T16:59+0500
2022-02-13T16:59+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232818_0:0:3476:1955_1920x0_80_0_0_79411fc268b6c0ad88542e1e7b740334.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері көрсетіледі. Осы мақсатта ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу-оңалту орталығы іске қосылады. Медициналық мекемеде ересектер мен балаларға арналған бассейн де қарастырылған. "Емхана мен емдеу-оңалту орталығының құрылысы және оны жабдықтауға 4,5 миллиард теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлеміз", - деді әкім. Сонымен қатар қала әкімі бюджет есебінен медициналық орталықтар желісін кеңейтіп, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232818_424:0:3155:2048_1920x0_80_0_0_290d45dc4953d064992a067382f1a74c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Нұр-Сұлтанда емхана мен оңалту орталығы салынады
16:59 13.02.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр.
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
"Аумағы 10 мың шаршы метр болатын жаңа медициналық орталық Алматы ауданында (К.Әзірбаев және А98 көшелерінің қиылысы) салынып жатыр. Жаңа нысан бір ауысымда 500-ден астам науқасты қабылдай алады", - деп жазды ол.
Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері көрсетіледі.
Осы мақсатта ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу-оңалту орталығы іске қосылады. Медициналық мекемеде ересектер мен балаларға арналған бассейн де қарастырылған.
"Емхана мен емдеу-оңалту орталығының құрылысы және оны жабдықтауға 4,5 миллиард теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлеміз", - деді әкім.
Сонымен қатар қала әкімі бюджет есебінен медициналық орталықтар желісін кеңейтіп, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.