НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.
"АрХО-2022" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды
© Photo
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов жыл сайынғы халықаралық әскери-спорттық жарыстардың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен шеберлігін жетілдіруде маңызы зор екенін атап өтті.
"Артиллериялық атыс шеберлері", "Тактикалық мерген", "Меридиан" конкурстары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы үш оқу-жаттығы полигонында өткізілді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысты.
"АрХО-2022" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды
© Photo
Үш конкурстың бәрінде Қазақстанның әскери қызметшілері жеңіске жетті, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысындағы "Гвардейск" полигонында өткен "Артиллериялық атыс шеберлері" конкурсында қазақстандық миномет есептоптары бірінші орынға ие болды. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орынды Ресейдің әскери қызметшілері иеленсе, үшінші орынға Әзербайжанның артиллеристері көтерілді.
"АрХО-2022" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды
© Photo
Қарағанды облысындағы "Спасск" полигонында өткен "Тактикалық мерген" байқауында бірінші кезеңнен-ақ Қазақстан командасы көш бастады. Біздің жауынгерлер барлық кезеңде сенімді жеңіске жетіп, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Қытай командасы көтерілсе, үшінші орынды Өзбекстан мен Ресей құрамалары бөлісті.
"АрХО-2022" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды
© Photo
Ақмола облысындағы "Амандық" полигонында Әскери топографтар кәсіби шеберліктерін сынға салды. "Меридиан" байқауында да бірінші орынға Қазақстан командасы көтерілді. Екінші орынды Қытай әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Өзбекстан мен Беларусь командалары өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен наградталды. Сонымен қатар әр конкурста жеке номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар да марапатталды.