https://sputnik.kz/20220823/qazaqstanda-khalyqaralyq-armiya-oyyndary-ayaqtaldy-zhenimpazdar-marapattaldy-26976251.html
Қазақстанда халықаралық армия ойындары аяқталды: жеңімпаздар марапатталды
Қазақстанда халықаралық армия ойындары аяқталды: жеңімпаздар марапатталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T21:12+0500
2022-08-23T21:12+0500
2022-08-23T21:12+0500
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e6/08/17/26973888_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ca3635c04b88bbb300b1e401724d8fed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов жыл сайынғы халықаралық әскери-спорттық жарыстардың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен шеберлігін жетілдіруде маңызы зор екенін атап өтті."Артиллериялық атыс шеберлері", "Тактикалық мерген", "Меридиан" конкурстары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы үш оқу-жаттығы полигонында өткізілді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысты.Үш конкурстың бәрінде Қазақстанның әскери қызметшілері жеңіске жетті, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Жамбыл облысындағы "Гвардейск" полигонында өткен "Артиллериялық атыс шеберлері" конкурсында қазақстандық миномет есептоптары бірінші орынға ие болды. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орынды Ресейдің әскери қызметшілері иеленсе, үшінші орынға Әзербайжанның артиллеристері көтерілді.Қарағанды облысындағы "Спасск" полигонында өткен "Тактикалық мерген" байқауында бірінші кезеңнен-ақ Қазақстан командасы көш бастады. Біздің жауынгерлер барлық кезеңде сенімді жеңіске жетіп, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Қытай командасы көтерілсе, үшінші орынды Өзбекстан мен Ресей құрамалары бөлісті.Ақмола облысындағы "Амандық" полигонында Әскери топографтар кәсіби шеберліктерін сынға салды. "Меридиан" байқауында да бірінші орынға Қазақстан командасы көтерілді. Екінші орынды Қытай әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Өзбекстан мен Беларусь командалары өзара бөлісті.Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен наградталды. Сонымен қатар әр конкурста жеке номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар да марапатталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/17/26973888_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ef568dabec880365f274fb1f71f82311.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов жыл сайынғы халықаралық әскери-спорттық жарыстардың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен шеберлігін жетілдіруде маңызы зор екенін атап өтті.
"Артиллериялық атыс шеберлері", "Тактикалық мерген", "Меридиан" конкурстары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы үш оқу-жаттығы полигонында өткізілді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысты.
Үш конкурстың бәрінде Қазақстанның әскери қызметшілері жеңіске жетті, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысындағы "Гвардейск" полигонында өткен "Артиллериялық атыс шеберлері" конкурсында қазақстандық миномет есептоптары бірінші орынға ие болды. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орынды Ресейдің әскери қызметшілері иеленсе, үшінші орынға Әзербайжанның артиллеристері көтерілді.
Қарағанды облысындағы "Спасск" полигонында өткен "Тактикалық мерген" байқауында бірінші кезеңнен-ақ Қазақстан командасы көш бастады. Біздің жауынгерлер барлық кезеңде сенімді жеңіске жетіп, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Қытай командасы көтерілсе, үшінші орынды Өзбекстан мен Ресей құрамалары бөлісті.
Ақмола облысындағы "Амандық" полигонында Әскери топографтар кәсіби шеберліктерін сынға салды. "Меридиан" байқауында да бірінші орынға Қазақстан командасы көтерілді. Екінші орынды Қытай әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Өзбекстан мен Беларусь командалары өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен наградталды. Сонымен қатар әр конкурста жеке номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар да марапатталды.