НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. "Барселонаның" шабуылшысы Роберта Левандовски 75 мың еуро тұратын қолсағатынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sport.es басылымына сілтеме жасап.
Бұл оқиға жаттығу базасында болған. Танымал футболшы көлікпен қақпаға келгенде алдынан фанаттар шыққан. Бәрі қолтаңбасын сұрай бастады. Левандовски көліктен шықпай, терезе арқылы қолтаңбасын беруге кірісті.
Сол кезде ұрылар жолаушы отыратын жақтың есігін ашып, спортшының қолындағы қымбат сағатты шешіп алды. Левандовски оларды қуа жөнелді. Полиция да көмекке келді. Қылмыскерлер ұсталды.
Ал 75 мың еуро тұратын сағат иесіне қайтарылды. Левандовски – поляк футболшысы, испаниялық "Барселона" клубының шабуылшысы және Польша ұлттық құрамасының капитаны. Ол әлемдегі үздік шабуылшысы болып саналады.