https://sputnik.kz/20220821/alemge-aygili-futbolshy-sagatyn-sheship-algan-urylardy-qua-zhoneldi-26890860.html
Әлемге әйгілі футболшы сағатын шешіп алған ұрыларды қуа жөнелді
Әлемге әйгілі футболшы сағатын шешіп алған ұрыларды қуа жөнелді
Sputnik Қазақстан
Танымал спортшы көлігінен шықпай, фанаттарына қолтаңбасын қойып отырған. Сол кезде ұрылар оның қолындағы қымбат сағатын шешіп әкетті 21.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-21T10:07+0500
2022-08-21T10:07+0500
2022-08-21T10:07+0500
қоғам
спортшы
сағат
ұры
https://sputnik.kz/img/old/1276/71/12767192_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_75f181168a3edf0bda3375ffb184478d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. "Барселонаның" шабуылшысы Роберта Левандовски 75 мың еуро тұратын қолсағатынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sport.es басылымына сілтеме жасап. Бұл оқиға жаттығу базасында болған. Танымал футболшы көлікпен қақпаға келгенде алдынан фанаттар шыққан. Бәрі қолтаңбасын сұрай бастады. Левандовски көліктен шықпай, терезе арқылы қолтаңбасын беруге кірісті. Сол кезде ұрылар жолаушы отыратын жақтың есігін ашып, спортшының қолындағы қымбат сағатты шешіп алды. Левандовски оларды қуа жөнелді. Полиция да көмекке келді. Қылмыскерлер ұсталды. Ал 75 мың еуро тұратын сағат иесіне қайтарылды. Левандовски – поляк футболшысы, испаниялық "Барселона" клубының шабуылшысы және Польша ұлттық құрамасының капитаны. Ол әлемдегі үздік шабуылшысы болып саналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1276/71/12767192_324:0:3055:2048_1920x0_80_0_0_08d82e5519bf7d905ba8f2effd142706.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спортшы, сағат, ұры
Әлемге әйгілі футболшы сағатын шешіп алған ұрыларды қуа жөнелді
Танымал спортшы көлігінен шықпай, фанаттарына қолтаңбасын қойып отырған. Сол кезде ұрылар оның қолындағы қымбат сағатын шешіп әкетті
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. "Барселонаның" шабуылшысы Роберта Левандовски 75 мың еуро тұратын қолсағатынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sport.es басылымына сілтеме жасап.
Бұл оқиға жаттығу базасында болған. Танымал футболшы көлікпен қақпаға келгенде алдынан фанаттар шыққан. Бәрі қолтаңбасын сұрай бастады. Левандовски көліктен шықпай, терезе арқылы қолтаңбасын беруге кірісті.
Сол кезде ұрылар жолаушы отыратын жақтың есігін ашып, спортшының қолындағы қымбат сағатты шешіп алды. Левандовски оларды қуа жөнелді. Полиция да көмекке келді. Қылмыскерлер ұсталды.
Ал 75 мың еуро тұратын сағат иесіне қайтарылды. Левандовски – поляк футболшысы, испаниялық "Барселона" клубының шабуылшысы және Польша ұлттық құрамасының капитаны. Ол әлемдегі үздік шабуылшысы болып саналады.