НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Балмұздақ инфекцияның бойлап кетуіне кедергі жасайды. Бірақ дәрі-дәрмек тұрғанда ондай әдісті қолданбаған жөн. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев айтты.
"Бұл әдістің патогенездік негізі, яғни, медициналық логикасы бар. Мәселе мынада, адам балмұздақ жегенде тамырлар жиырылады да, инфекцияның терең бойлап кетуіне кедергі жасайды. Дегенмен, ондай әдіспен дәрі-дәрмекті алмастыруға болмайды, дәрінің баламасы ретінде де пайдалануға келмейді. Ангинаны антибиотикпен емдеу керек. Ал балмұздақты қосымша құрал ретінде жақын жерде дәріхана болмаған жағдайда пайдалануға болады", — дейді Зайцев URA.RU порталына берген сұхбатында.
Осы орайда дәрігер маңызды бір мәселені атап өтті. Оның айтуынша, суық климатта тұратын адамдар үшін ангинаны балмұздақпен емдеу әдісі келмейді. Ағзасы суыққа үйренген.
"Бізде климат басқаша, біз солтүстікте тұрамыз. Суық күндер көп, сондықтан ондай әдіс бізге келмейді", — деді отоларинголог.