Нұр-Сұлтандағы жаңа көпір арқылы автобус жүреді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ертеңнен бастап Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы автобус жүре бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
№60 автобус 19 тамыздан бастап жаңа көпір арқылы "Нұрлы жол" теміржол вокзалына қатынайды.
Автобус "Талисман" тұрғын үйіне дейін өзгеріссіз жүреді. Одан кейін жаңа көпірге түсіп, Жұмекен Нәжімеденов көшесінен оңға қарай бұрылады. Одан кейін тура теміржол вокзалына барады.
Айта кетері, жақында Ұлы дала даңғылында жаңа көпір ашылған болатын. Ол Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, "Мыңжылдық" аллеясындағы жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді. "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын алабына, "Метро" гипермаркеті аумағына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне бару жеңілдейді.
Елордада жаңа көпір пайдалануға берілді – видео