https://sputnik.kz/20220808/nur-sultanda-zhana-kopir-paydalanuga-berildi-video-26588150.html
Елордада жаңа көпір пайдалануға берілді – видео
Елордада жаңа көпір пайдалануға берілді – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Ұлы дала даңғылының бойындағы жаңа көпір ашылды. 08.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-08T12:28+0500
2022-08-08T12:28+0500
2023-08-09T12:22+0500
көпір
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/08/08/26586253_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_cb38dc0fad668180ebaefbd9770e67c4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Ұлы дала даңғылының бойындағы жаңа көпір ашылды.Көпірдің ұзындығы 263,22 метр, ені 51,4 метр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.Әрбір қозғалыс бағытының жүріс бөлігінде ені 3,75 метр үш жолақ және ені 4 метр бір жолақ бар. Жолдың сыртқы жағында 1,5 метрден қауіпсіздік жолақтары салынған."Ұлы дала даңғылының бойындағы көпір Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, "Мыңжылдық" аллеясындағы жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді, "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын алабына, "Метро" гипермаркеті аумағына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне бару жеңілдейді", - деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.Айта кетері, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автолік көпірін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/08/26586253_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5cf02b14a812eac0ff76ae622dbf8785.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көпір, астана
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Ұлы дала даңғылының бойындағы жаңа көпір ашылды.
Көпірдің ұзындығы 263,22 метр, ені 51,4 метр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Әрбір қозғалыс бағытының жүріс бөлігінде ені 3,75 метр үш жолақ және ені 4 метр бір жолақ бар. Жолдың сыртқы жағында 1,5 метрден қауіпсіздік жолақтары салынған.
"Ұлы дала даңғылының бойындағы көпір Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, "Мыңжылдық" аллеясындағы жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді, "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын алабына, "Метро" гипермаркеті аумағына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне бару жеңілдейді", - деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.
Айта кетері, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автолік көпірін пайдалануға беру жоспарланып отыр.