Елена Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

Рыбакинаның келесі қарсыласы америкалық Элисон Риск болмақ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.
Екінші айналымдағы кездесуде Уимблдон-2022 чемпионы "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, әлемнің тоғызыншы ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусаны 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.
Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан әйелдер турнирінің жүлде қоры – 2 527 250 доллар. Оның қазіргі чемпионы – маусым басында спорттан кеткен австралиялық Эшли Барти.
Теннистен Қазақстан әйелдер командасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді