Теннистен Қазақстан әйелдер командасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

© PhotoТеннис добы
Теннис добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды.
Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:
1.
Аустралия – 1002,71 ұпай;
2.
Франция – 885,6;
3.
Испания – 884,62;
4.
Чехия – 842,92;
5.
Швейцария – 881,81;
6.
Канада – 780,09;
7.
АҚШ – 758,09;
8.
Словакия – 744,23;
9.
Қазақстан – 704,75;
10.
Германия – 702,52.
Жаңалықтар
0