Оқиға

Теміртау қаласында газ жарылды – бірнеше пәтердің төбесі опырылып түсті

Екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласында бес қабаттың үйде газ жарылды. Соның салдарынан екі пәтердің арасында қабат опырылып түсті. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:08-де Металургов даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды.
Теміртау қаласын пәтірде газ жарылды
Бөлме арасындағы қабырғалар ғана емес, төбе плиталары да опырылып түскен.
Атап айтқанда, екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған. Жалпы, үш пәтер бүлінген.
Теміртау қаласында тұрғын үйде газ жарылды
"Осы кіреберістің барлық тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 53 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 7 бала бар. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жалпы, төрт адам жарақат алды", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнында облыстық департаменттің 22 қызметкері мен 7 техникасы барды. Жедел штаб құрылды.