https://sputnik.kz/20220816/temirtau-gaz-zharyldy-26756594.html
Теміртау қаласында газ жарылды – бірнеше пәтердің төбесі опырылып түсті
Теміртау қаласында газ жарылды – бірнеше пәтердің төбесі опырылып түсті
Sputnik Қазақстан
Екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T13:45+0500
2022-08-16T13:45+0500
2022-08-16T13:46+0500
оқиға
теміртау
газ
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26755802_0:124:899:630_1920x0_80_0_0_7d105fda48d875cf06ac0cb934755539.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласында бес қабаттың үйде газ жарылды. Соның салдарынан екі пәтердің арасында қабат опырылып түсті. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:08-де Металургов даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды. Бөлме арасындағы қабырғалар ғана емес, төбе плиталары да опырылып түскен. Атап айтқанда, екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған. Жалпы, үш пәтер бүлінген. "Осы кіреберістің барлық тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 53 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 7 бала бар. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жалпы, төрт адам жарақат алды", - дейді құтқарушылар. Оқиға орнында облыстық департаменттің 22 қызметкері мен 7 техникасы барды. Жедел штаб құрылды.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26755802_0:40:899:714_1920x0_80_0_0_1bdbd3d915a9ea59c7530b5c64413ea0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау, газ, жарылыс
Теміртау қаласында газ жарылды – бірнеше пәтердің төбесі опырылып түсті
13:45 16.08.2022 (жаңартылды: 13:46 16.08.2022) Екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласында бес қабаттың үйде газ жарылды. Соның салдарынан екі пәтердің арасында қабат опырылып түсті. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:08-де Металургов даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды.
Бөлме арасындағы қабырғалар ғана емес, төбе плиталары да опырылып түскен.
Атап айтқанда, екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған. Жалпы, үш пәтер бүлінген.
"Осы кіреберістің барлық тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 53 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 7 бала бар. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жалпы, төрт адам жарақат алды", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнында облыстық департаменттің 22 қызметкері мен 7 техникасы барды. Жедел штаб құрылды.