НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі шектеулі адамдардан паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін мемлекеттік баждарды негізсіз алу фактілерін анықтады.
"Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтардың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған", - делінген агенттік хабарламасында.
Департаменттің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді.
Қазіргі уақытта бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңгені құрады.