Өңірлер

Ақмола облысында ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын бұзды

© Photo : "Правительство для граждан", филиал по Северо-Казахстанской областиЦОН
ЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі шектеулі адамдардан паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін мемлекеттік баждарды негізсіз алу фактілерін анықтады.
"Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтардың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған", - делінген агенттік хабарламасында.
Департаменттің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді.
Қазіргі уақытта бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңгені құрады.
Жаңалықтар
0