НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Тайтөбеде жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 14 тамызда болды. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тайтөбе ауылында болды.
Қайғылы оқиға 14 тамызда болды. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тайтөбе ауылында болды.
Жарылыс орнын тексеру кезінде механикалық зақымдалмаған газ баллон тәркіленді.
Аталған факті Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі "Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу" бойынша тіркелді.
Анықталғандай, үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан. Жұмыс кезінде белгісіз зат жарылып, салдарынан үй иесі сол жерде қайтыс болды. Екінші ер адам мен оның баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесіне жеткізілді.
Жарылыстың көзі мен техникалық себебін анықтауға мүмкіндік беретін сот-жарылыс техникалық сараптамасы тағайындалды.