Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген президенттің жарлығында.
Айта кетері, бұған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов атқарды. Ол қант төңірегіндегі проблемаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған болатын.
Бақыт Сұлтанов сауда министрі лауазымынан босатылды