https://sputnik.kz/20220714/ministr-prezident-sogis-26124839.html
Тағы үш министр президенттен сөз естіді
Тағы үш министр президенттен сөз естіді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол... 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T12:27+0500
2022-07-14T12:27+0500
2022-07-14T12:36+0500
сөгіс
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент бірқатар министрдің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.Сұлтанов пен Қарашөкеев қант төңірегіндегі проблема үшін Тоқаевтан сөз естіді.Сондай-ақ мемлекет басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге де шүйлікті.Президент министрдің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты. Ол үкіметтен Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауды сұрады."Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз", – деді Тоқаев.Бұған дейін президент киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысы үшін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сөгіс
Тағы үш министр президенттен сөз естіді
12:27 14.07.2022 (жаңартылды: 12:36 14.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сөгіс жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент бірқатар министрдің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.
Сұлтанов пен Қарашөкеев қант төңірегіндегі проблема үшін Тоқаевтан сөз естіді.
"Біз қант импортына 90 пайыз тәуелдіміз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болады. Бірақ қандай жағдай болсын, бұл үкіметтің елеулі қателігі. Демек мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ мемлекет басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге де шүйлікті.
Президент министрдің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты. Ол үкіметтен Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауды сұрады.
"Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз", – деді Тоқаев.
Бұған дейін президент киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысы үшін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.