НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еске сала кетейік, шілдеде Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант төңірегіндегі проблема үшін президенттен сөгіс алған болатын.