Атырау облысында катерден өзенге құлаған баланың денесі табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Құтқарушылар кеше катерден Жайық өзеніне құлап кеткен баланың денесін тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Трагедия жексенбі, 14 тамыз күні Атырау іргесіндегі Қызылбалық елді мекенінде болды. Сағат 21.00 шамасында 2015 жылы туған бала өзен жағасында тұрған катерден суға құлап кеткен.
Баланы құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеді.
Оның денесі дүйсенбі күні сағат 14:19-да судан табылды.
Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті