Атырау облысында катерден өзенге құлаған баланың денесі табылды

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуЖайық өзені, архивтегі фото
Жайық өзені, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Құтқарушылар кеше катерден Жайық өзеніне құлап кеткен баланың денесін тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Трагедия жексенбі, 14 тамыз күні Атырау іргесіндегі Қызылбалық елді мекенінде болды. Сағат 21.00 шамасында 2015 жылы туған бала өзен жағасында тұрған катерден суға құлап кеткен.
Баланы құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеді.
Оның денесі дүйсенбі күні сағат 14:19-да судан табылды.
Пруд - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2022
Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті
Жаңалықтар
0