Назарларыңызға Сирияның Идлиб провинциясындағы Калб-Лозех таулы ауылының жанында орналасқан ежелгі Византия мұрасының таңғажайып түнгі көрінісі ұсынылып отыр. Бүгінде бұл соғыс пен гуманитарлық апаттан зардап шегіп отырған елдегі көне шіркеуді құпиялы әрі тылсым бейнеде көрсетудің жалғыз жолы болып отыр.
Калб-Лозех ауылы Түркия шекарасына жақын таулы аймақта орналасқан. Дегенмен бұл өте шағын ауыл. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мұнда небәрі 150 адам мекендеген. Бірақ 2000 жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 1 290 адамға жеткен.
Алайда, құнарсыз топырақ пен жердің біртіндеп шөлейттенуі бүгінгі күні халық санының өсуіне ықпал ете алмай отыр.
Калб-Лозехтегі шіркеу біздің дәуіріміздің 460-шы жылдарына жатады және осы кезеңдегі ең жақсы сақталған шіркеулердің бірі болып табылады. Бұл Сириядағы алғашқы белгілі кең базиликалы шіркеу, мұнда дәстүрлі византиялық шіркеу сәулетіндегі дәліздерді нефтен бөлетін бағаналар кең кеңістік әсерін беретін аласа тіректер және мен биік аркалармен алмастырылған.
Ол сәулет стилі мен шеберлігі жағынан Турманин, Андрон және Каратиндегі исламға дейінгі ірі сириялық шіркеулерге қатты ұқсас. Бұл шіркеу Париждегі Нотр-Дам соборы дизайнының әртүрлі аспектілері үшін шабыт тудырған болуы мүмкін.
Жұлдызды аспан астындағы ежелгі шіркеудің көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.