Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Алладин" ертегісіндегідей: ЮНЕСКО мұрасының тізіміне енген көне ғимарат – фото

Жазылу
Ұзақ уақыт қараусыз қалғанымен, бұл ғимарат ғасырлар бойы бүкіл әлем сәулетшілеріне шабыт сыйлап келеді және ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының бір бөлігі болып табылады
Назарларыңызға Сирияның Идлиб провинциясындағы Калб-Лозех таулы ауылының жанында орналасқан ежелгі Византия мұрасының таңғажайып түнгі көрінісі ұсынылып отыр. Бүгінде бұл соғыс пен гуманитарлық апаттан зардап шегіп отырған елдегі көне шіркеуді құпиялы әрі тылсым бейнеде көрсетудің жалғыз жолы болып отыр.
Калб-Лозех ауылы Түркия шекарасына жақын таулы аймақта орналасқан. Дегенмен бұл өте шағын ауыл. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мұнда небәрі 150 адам мекендеген. Бірақ 2000 жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 1 290 адамға жеткен.
Алайда, құнарсыз топырақ пен жердің біртіндеп шөлейттенуі бүгінгі күні халық санының өсуіне ықпал ете алмай отыр.
Калб-Лозехтегі шіркеу біздің дәуіріміздің 460-шы жылдарына жатады және осы кезеңдегі ең жақсы сақталған шіркеулердің бірі болып табылады. Бұл Сириядағы алғашқы белгілі кең базиликалы шіркеу, мұнда дәстүрлі византиялық шіркеу сәулетіндегі дәліздерді нефтен бөлетін бағаналар кең кеңістік әсерін беретін аласа тіректер және мен биік аркалармен алмастырылған.
Ол сәулет стилі мен шеберлігі жағынан Турманин, Андрон және Каратиндегі исламға дейінгі ірі сириялық шіркеулерге қатты ұқсас. Бұл шіркеу Париждегі Нотр-Дам соборы дизайнының әртүрлі аспектілері үшін шабыт тудырған болуы мүмкін.
Жұлдызды аспан астындағы ежелгі шіркеудің көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

Құс жолы 2022 жылдың 29 шілдесінде сириялық Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы Калб-Лозех ауылындағы V ғасырға жататын шіркеу үстінен өтіп барады.

Құс жолы 2022 жылдың 29 шілдесінде сириялық Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы Калб-Лозех ауылындағы V ғасырға жататын шіркеу үстінен өтіп барады. - Sputnik Қазақстан
1/6

Құс жолы 2022 жылдың 29 шілдесінде сириялық Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы Калб-Лозех ауылындағы V ғасырға жататын шіркеу үстінен өтіп барады.

© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

Әктастан салынған ежелгі собор француздардың әйгілі Нотр-Дам шіркеуінің сәулеттік негізі болып табылады.

Әктастан салынған ежелгі собор француздардың әйгілі Нотр-Дам шіркеуінің сәулеттік негізі болып табылады. - Sputnik Қазақстан
2/6

Әктастан салынған ежелгі собор француздардың әйгілі Нотр-Дам шіркеуінің сәулеттік негізі болып табылады.

© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

Калб-Лозехтегі шіркеу біздің дәуіріміздің 460-шы жылдарына жатады және осы кезеңдегі ең жақсы сақталған шіркеулердің бірі болып табылады.

Калб-Лозехтегі шіркеу біздің дәуіріміздің 460-шы жылдарына жатады және осы кезеңдегі ең жақсы сақталған шіркеулердің бірі болып табылады. - Sputnik Қазақстан
3/6

Калб-Лозехтегі шіркеу біздің дәуіріміздің 460-шы жылдарына жатады және осы кезеңдегі ең жақсы сақталған шіркеулердің бірі болып табылады.

© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

20 ғасырдың басындағы британдық археолог Гертруда Белл бұл шіркеуді "...әлемдік архитектурадағы жаңа тарау. Роман стиліне жататын әдемі және қарапайым сұлулық Сирияның солтүстігінде пайда болды" деп сипаттады.

20 ғасырдың басындағы британдық археолог Гертруда Белл бұл шіркеуді "...әлемдік архитектурадағы жаңа тарау. Роман стиліне жататын әдемі және қарапайым сұлулық Сирияның солтүстігінде пайда болды" деп сипаттады. - Sputnik Қазақстан
4/6

20 ғасырдың басындағы британдық археолог Гертруда Белл бұл шіркеуді "...әлемдік архитектурадағы жаңа тарау. Роман стиліне жататын әдемі және қарапайым сұлулық Сирияның солтүстігінде пайда болды" деп сипаттады.

© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

Қараусыз қалған шіркеу Византия дәуіріндегі сириялық сәулет өнерінің ең тамаша үлгісі ретінде кеңінен танымал және Еуропадағы роман және готикалық соборлардың, соның ішінде Нотр-Дам шіркеуірнің құрылысына арналған шабыттың негізгі көзі болып саналады.

Қараусыз қалған шіркеу Византия дәуіріндегі сириялық сәулет өнерінің ең тамаша үлгісі ретінде кеңінен танымал және Еуропадағы роман және готикалық соборлардың, соның ішінде Нотр-Дам шіркеуірнің құрылысына арналған шабыттың негізгі көзі болып саналады. - Sputnik Қазақстан
5/6

Қараусыз қалған шіркеу Византия дәуіріндегі сириялық сәулет өнерінің ең тамаша үлгісі ретінде кеңінен танымал және Еуропадағы роман және готикалық соборлардың, соның ішінде Нотр-Дам шіркеуірнің құрылысына арналған шабыттың негізгі көзі болып саналады.

© AFP 2024 / Omar Haj Kadour

Бұл нысан 2011 жылы "Солтүстік Сирияның ежелгі ауылдарының" бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.

Бұл нысан 2011 жылы "Солтүстік Сирияның ежелгі ауылдарының" бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген. - Sputnik Қазақстан
6/6

Бұл нысан 2011 жылы "Солтүстік Сирияның ежелгі ауылдарының" бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.

Жаңалықтар
0