АЛМАТЫ, 11 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желілерде жолаушылар пойызының тамбурындағы ешкінің видеосы тараған болатын. Роликтің авторы оқиға 10 тамызда Петропавл - Алматы пойызы вагондарының бірінде болып жатқанын айтады.
Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті видеоны тексеріп, кейін растады.
"Биыл 10 тамызда полиция қызметкерлері Петропавл - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында жұмыс істемейтін тамбурда үй жануарларын тасымалдау фактісін анықтады. Ол вагонның 40 жастағы жолсерігіне тиесілі болып шықты. Айтуынша, ол өсіру үшін сатып алған", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша жиналған барлық материал құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясына берілген.
Сондай-ақ, "Түрксіб-Астана" ЖШС және "жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығының атына лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілген.