Оқиға

Петропавл-Алматы пойызындағы "жолаушы" ешкінің видеосы жұртты таңғалдырды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЕшкі
Ешкі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
Көлік полициясы тамбурда тасымалданған малдың иесін анықтады
АЛМАТЫ, 11 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желілерде жолаушылар пойызының тамбурындағы ешкінің видеосы тараған болатын. Роликтің авторы оқиға 10 тамызда Петропавл - Алматы пойызы вагондарының бірінде болып жатқанын айтады.
Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті видеоны тексеріп, кейін растады.
"Биыл 10 тамызда полиция қызметкерлері Петропавл - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында жұмыс істемейтін тамбурда үй жануарларын тасымалдау фактісін анықтады. Ол вагонның 40 жастағы жолсерігіне тиесілі болып шықты. Айтуынша, ол өсіру үшін сатып алған", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша жиналған барлық материал құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясына берілген.
Сондай-ақ, "Түрксіб-Астана" ЖШС және "жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығының атына лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілген.
Қой мен сиырдың жекпе-жегі - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2019
Видео
Мүйізді жекпе-жек: жуас қой сүзеген сиырды "нокаутқа" түсірді - видео
Жаңалықтар
0